
2023 жылғы 03-04 тамызда Қарағанды облысы Нұра ауданы аумағында «Бейбіт және соғыс уақытында қауіп төнген және төтенше жағдайлар туындаған кездегі мемлекеттік органдардың, төтенше жағдайлар қызметінің және халықтың іс-әрекеті» тақырыбында кешенді оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығуларға Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері, Нұра ауданы әкімдігінің аппараты, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия, эвакуациялық іріктеу комиссиясы, азаматтық қорғау қызметтері мен ұйымдары жұмылдырылды.
Оқу-жаттығулар қызметтер мен ұйымдар басшыларының практикалық іс-қимыл элементтерін пысықтаумен, аудандық азаматтық қорғау жүйесінің жұмыс істеуінің әртүрлі режимдерін және азаматтық қорғауға әзірлік дәрежелерін енгізу кезінде азаматтық қорғау құралымдарымен, сондай-ақ бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар туындаған кезде мүмкін болатын жағдайларды модельдеумен екі кезеңде өткізілді.
Жаттығулардың екінші күні қабылдаушы эвакуация пунктінің дайындығы тексерілді.
Екі күндік кешенді оқу-жаттығу қорытындысы бойынша ауданның барлық азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығы бағаланды.