Қарағанды облысының 2024 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы ерекше бақылауда

Қарағанды облысының 2024 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы ерекше бақылауда

Соңғы жылдары су тасқыны кезеңдерінде негізгі тасқын қаупі бар өзендердің арналарында тұнба шөгінділері мен тығыз өсімдіктерге байланысты су деңгейінің көтерілуімен байланысты проблемалар туындады. Осыған байланысты, облыста су тасқыны қаупін азайту жөніндегі республикалық Жол картасын іске асыру шеңберінде 2017 жылдан бастап жағалауды нығайту, өзен арналарын тереңдету және тазарту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Жол Картасы шеңберінде Бұқар жырау, Нұра аудандарының аумағында жалпы ұзындығы 19,02 км болатын Теміртау қаласы, Чкалово және Садовое, Тассуат және Майоровка ауылдары маңындағы Нұра өзенін санациялау жобасын іске асыруда.

Жол картасынан тыс жүзеге асырылып жатқан жобалар бар.
Нұра өзені арнасының Қ.Сәтбаев атындағы арнасынан "Қызылорда-Павлодар" автомобиль жолындағы көпірге дейінгі ұзындығы 2,4 шақырым учаскесін тазарту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы Бұқар жырау ауданы және облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшыларының қатысуымен атқарылып жатқан жұмыстарды қарап қайтты.

Жобаның мақсаты – гидрологиялық режимді және су тасқынының қауіпсіз өтуін жақсарту, одан әрі Нұра өзенінің ластануын, бітелуін және сарқылуын болдырмау, су объектісін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау.

2022 жылы аталған аумақта қорғаныш бөгетін орнату жасалса, қазіргі уақытта өзен арнасын тазарту және кеңейту жұмыстары жүргізілуде.
Жұмыстар кестеге сәйкес, артта қалушылықтарсыз жүргізілуде. Өңірдің су тасқыны кезеңіне дайындығы ерекше бақылауда.

 

 

 


Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі