Қарағанды облысының Шет ауданындағы табиғи өрт оқшауланды

Қарағанды облысының Шет ауданындағы табиғи өрт оқшауланды

21 шілде күні сағат 14:00-де Шет ауданы аумағындағы табиғи өрт ошағы оқшауланды. Жалпы ауданы алдын ала 1872 га құрайды, оның 167,7 га аумағы "Ақтоғай орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылық" аумағы. Су құю және қарауылдау жұмыстары жүргізілуде. Өртті жоюға Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті, Ақтоғай және Қарағанды орман шаруашылықтарының, ерікті өрт сөндіру құрамаларының және жергілікті атқарушы органдардың 110 адамы мен 30 бірлік техникасы жұмылдырылған.
Еске салайық, 14 шілдеде Қарағанды облысы Талды ауылдық округінің Қотыртау тау жотасының аумағында табиғи өрт орын алды. Кейіннен өрттің «Ақтоғай орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» КММ аумағына өтуімен құрғақ шөптің жануы орын алды. Өртті сөндіру күрделі таулы жермен, қураған ағаштың болуымен, ауа температурасының жоғарылауымен және қатты желмен қиындады.

 

 

 

Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі