Қарағандылық өрт сөндірушілер футзалдан турнирдің жеңімпаздары атанды

Қарағандылық өрт сөндірушілер футзалдан турнирдің жеңімпаздары атанды

17-19 шілде аралығында Петропавл қаласында СҚО ТЖ департаменті бастығының кубогына футзалдан республикалық турнир өтті. Онда Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Астана қалаларының ТЖ департаменттерінің құрама командалары қатысты.

Турнирдің мақсаты-қызметкерлердің дене дайындығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету, моральдық-еріктік қасиеттерін дамыту, футболды спорт түрі ретінде дамыту және насихаттау.

Турнирге қатысушылар өз бөлімшелерін лайықты көрсете отырып, жоғары спорттық нәтижелер көрсетті.

Өткізілген ойындардың қорытындысы бойынша екі кіші топта финалдық ойында Астана қаласы мен Қарағанды облысының ТЖД командалары кездесті. Финалдық кездесу Қарағанды өрт сөндірушілерінің пайдасына 1:0 есебімен аяқталды.

Турнир қорытындысы бойынша үшінші жүлделі орынды Ақмола облысы ТЖ департаментінің командасы, екінші жүлделі орынды Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің командасы және бірінші жүлделі орынды Қарағанды облысы ТЖД командасы иеленді. Барлық жүлдегерлер грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Ерекше көзге түскен қатысушылар арнайы номинациялар бойынша санаттарда да марапатталды. Қарағанды облысы құрама командасының қақпашысы Дархан Қошықов, № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командирі "турнирдің үздік қақпашысы"номинациясы бойынша үздік атанды.

Бұл жеңіс өрт сөндірушілердің дайындығы мен спорттық дағдыларының жоғары деңгейін растайды және олардың өрттермен күресте ғана емес, спорттық жарыстарда да кәсібилігін көрсетеді. Қарағандылық өрт сөндірушілер командасы осы турнирде өз облысын және қаласын абыроймен таныстырып, лайықты жеңімпаз атанды.