Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары!
Демалыс қарсаңында жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін естеріңізге саламыз.
Су айдандарындағы демалыс орындарында болған кезде рұқсат етілмейді:
- тыйым салынған жерлерде шомылуға;
- алкогольдік және есірткілік мас күйінде суға кіруге және шомылуға;
- суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан секіру;
- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгу;
- жүзу шекарасын белгілейтін қалқымалардан тыс жүзуге;
- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;
- су айдандарын және демалыс орындарын ластау;
- балаларға ересектерсіз суға кіру;
- тәуліктің қараңғы уақытында шомылу;
- жүзу құралдарында жеке құтқару құралдарысыз болу.