
Қарағанды облысының ТЖ департаментінде Қазақстан Республикасының аумағында болуы мүмкін жер сілкіністеріне дайындық мәселесі бойынша жиын өтті.
Жиынға тікелей басшылар қатысты
15 облыстық азаматтық қорғау қызметі, министрліктер мен ведомстволардың аумақтық бөлімшелері, Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск қалаларының және Абай ауданының 29 тартылатын ұйымының (оның ішінде: "Арселор Миттал Теміртау" АҚ, "Шұбаркөл Көмір" АҚ, "Asia FerroAlloys" ЖШС, "Қарағанды құю-машина жасау зауыты" ЖШС, "КЗМК-Имсталькон" ЖШС, "Қарағанды мелькомбинаты"ЖШС және т.б.) басшылары қатысты.
Министрліктер мен ведомстволардың өзге де аумақтық бөлімшелерінің, 50-ден астам тартылған ұйымдардың басшылары онлайн режимде қосылды.
Жиынға қатысушыларға Алматы, Шымкент, қалалары, Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Абай және Жетісу облыстарындағы ықтимал жер сілкінісі аймақтарына ден қою жоспарына сәйкес Қарағанды облысынан күштер мен құралдарды әртүрлі жолдармен жөнелтудің негізгі есептері жеткізілді.
Сондай-ақ, отырысқа қатысушыларға бөлінген күштер мен құралдардың тәртібі мен құрамы, іс-қимылдарды үйлестіру және бақылау жөніндегі жедел штабтың құрамы, ықтимал жер сілкіністері аймағына күштер мен құралдарды жеткізу бойынша есептеулер туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында қолда бар күштер мен құралдардың әзірлігін қамтамасыз ету және оларды оқиға орнына жеткізу әдістері талқыланды.
ТЖД басшысы Мұрат Қатпанов төтенше жағдайларға дер кезінде және жедел ден қоюға тұрақты дайындықты қамтамасыз етуді тапсырды.