Дауылды ескерту

Дауылды ескерту

Қазгидромет деректері бойынша 2023 жылғы 12 шілдеде күндіз Қарағанды облысының басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады.
Облыстың оң түстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қауіпсіздік шараларың қатаң сақтаңыздар:
- Отпен абай болыңыздар: сөндірілмеген темекі мен сіріңкені тастамаңыздар!
- Алауларды жақпаңыздар!
- Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!
- Тек белгіленген орындарда шомылыңыздар. Тыйым салынған жерлерде суға түспеңіздер.
Төтенше жағдайлар фактілері туралы 112 немесе 433636, 433737 телефондарына хабарласыңыздар.