ТЖД Айбын-2023 жеңімпаздарын марапаттады

ТЖД Айбын-2023 жеңімпаздарын марапаттады

Қарағанды облысының ТЖД-да "Айбын-2023" ІХ халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында Қазақстан Республикасы ТЖ министрлігінің атынан қатысқан "Жас Ұлан"командасының салтанатты кездесуі өтті.

Біздің команда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери-патриоттық клубтарының командалары арасында конкурста І орын алды. Бұл байқауда еліміздің әр өңірінен келген 16 команда және Өзбекстаннан келген команда барлығы біріншілік үшін күресті.

Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Бекбосынов жеңімпаздарды құттықтап, ауқымды әскери-патриоттық жиынға лайықты қатысқаны үшін балаларға алғысын білдірді.

Жастар командасын дайындағаны үшін ТЖД бастығының алғыс хаттары Қарағанды қаласы Нұркен Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектептің директоры Гүлшат Баграмоваға, оның орынбасары Ерлан Рахымжановқа және алғашқы әскери және технологиялық даярлық мұғалімі Әлібек Байпақпаевқа табысталды. Сонымен қатар, балаларды дайындағаны үшін ТЖД аға офицері Өмірбек Төлеубаев пен 52859 әскери бөлімі командирінің орынбасары Асылбек Ахметжанов алғыс хаттармен марапатталды.

Жеңімпаз командаға Төтенше жағдайлар департаментінен Нұрлан Бекбосынов сыйлық – каркастық бассейнді табыс етті.

Сондай-ақ, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің N52859 әскери бөлімінің басшылығы өз марапаттары мен сыйлықтарын табыс етті.

Команданы құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!