
Қарағанды облысының ТЖД-да 28 маусым - бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға өңірлік және республикалық БАҚ өкілдері шақырылды.
ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов қонақтарды келе жатқан мерекелеріменмен құттықтап, шығармашылық табыс пен кәсіби қызметте жоғары жетістіктер тіледі!
"Шындықтың шынайы және объективті көрінісі үшін сіздің иығыңызда үлкен жауапкершілік бар. Сіздің оқиғаларды жариялаудағы жеделдігіңіздің, құзыреттілігіңіз бен кәсібилігіңіздің арқасында халық біздің қызметіміз туралы түсінікке ие, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың батылдығы мен ерлігі туралы біледі, қауіпсіз мінез - құлық ережелерін үйренеді", - деп атап өтті М. Қатпанов.
Өз кезегінде журналистер ТЖД жеке құрамына адамдарды құтқару ісіндегі жанқиярлық және игі еңбегі үшін ризашылықтарын білдірді.
Халықты ақпараттандыруға, қызметін жариялауға және азаматтық қорғау органдарының оң имиджін дамытуға қосқан үлесі үшін Мұрат Қатпанов БАҚ өкілдеріне ТЖД алғыс хаттарын табыс етті.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі