Қарағанды облысының ТЖД мемлекеттік қызметшілер күнін атап өтті

Қарағанды облысының ТЖД мемлекеттік қызметшілер күнін атап өтті

23 маусымда Қарағанды облысының ТЖД-да Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
ТЖД бастығы полковник Мұрат Қатпанов жеке құрамды кәсіби мерекемен құттықтады: "Мемлекеттік қызмет – әрбір ел үшін негізгі құрылымдардың бірі. Оған қоғамдық процестерді ұйымдастыруға және басқаруға байланысты маңызды функционалдық міндеттер жүктеледі. Бұл мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруда жетекші рөл атқаратын бүкіл мемлекеттік жүйенің маңызды элементтерінің бірі".
Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі, қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен ТЖ алдын алу басқармасының бас маманы Нұрзифа Төлеубаева марапатталды. ҚР ТЖМ грамотасы заң тобының бас маманы Виктория Еремееваға табысталды. Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының алғыс хатымен қаржы және Мемлекеттік сатып алу басқармасының бас мамандары Елена Осадчая мен Миргүл Тілеубаева марапатталды.
Сонымен қатар, ҚР ТЖ Министрінің алғыс хатымен Қаржы және мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы Еркеназ Құдайбергеннің анасы – Жұпаргүл Әбеуова марапатталды.
Мерекелік іс-шара Департаменттің барлық бөлімшелерінде аталып өтіледі.

 

 

 

Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі