Қарағанды облысында бір тәулікте 5 дала өрті жойылды

Қарағанды облысында бір тәулікте 5 дала өрті жойылды

Шет ауданында, Ағадыр ауылынан солтүстікке қарай 25 шақырым жерде 1 га аумақта құрғақ шөп өртенді. Өртті Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен ерікті өрт сөндіру құрылымдары сөндірді.

Ақтоғай ауданы, Қарабұлақ ауылдық округінде, Қарасу ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде 2 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді. Өртті ауылдық округтің ерікті өрт сөндіру құрылымдары сөндірді.

Ақтоғай өңірінде тағы бір құрғақ шөп өрті Балқаш қаласынан солтүстік-батысқа қарай 45 шақырым жерде болды. Өртенген аумақ 2,5 гектарды құрады. Өртті Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен ерікті өрт сөндіру бөлімшелері сөндірді.

Қарқаралы ауданында Нұрмақов кентінде, Өсібай ауылынан батысқа қарай 17 шақырым жерде 44 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді. Өртті Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен ерікті өрт сөндіру бөлімшелері сөндірді.

Осакаров ауданында, Родниковский ауылдық округінде, Родниковское ауылынан 10 шақырым жерде 1 гектар аумақта құрғақ шөп пен қамыс өртенді. Өртті Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен ерікті өрт сөндіру құрылымдары жойды.

Табиғи өрттердің негізгі себептері отқа абайсыз қарау, от жағу, ауыл шаруашылығы техникасының ұшқын сөндіргіштерінің ақаулығы, найзағай разрядтары болып табылады.

Тұрақты құрғақ ауа-райы өрттің тез шығуына ықпал етеді, ал жел өрттің бірден таралу қаупін тудырады.

Облыс тұрғындары мен қонақтарын өртке өте сақ болуға шақырамыз: сөндірілмеген сіріңке, темекі, шыны сынықтары және т.б. лақтырмаңыз. Өртті тек жабдықталған орындарда ғана жағуға болады. Сондай-ақ, отты сөндірмей қалдыруға болмайды. Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі