
Халықты ескерту және судағы адам өліміне байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері демалыс күндері күшейтілген ақпараттық-профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы Абай ауданы әкімдігінің және полиция департаментінің басшылығы, мәслихат депутаттарымен бірлесіп, Абай ауданындағы су қоймаларында профилактикалық рейдтер жүргізді.
Жедел топ суға түсуге тыйым салынған жерлерді аралап, су маңында демалушылармен әңгімелесіп, нұсқау берді. Сондай-ақ Шерубай-Нұра су қоймасының жағалауында жұмыс істейтін демалыс орындары тексеріліп, жағажайлардың қауіпсіздік нормаларына сәйкестігі тексеріліп, орын алған кемшіліктер бойынша ұсыныстар берілді.
Осындай іс-шаралар облыстың басқа су қоймаларында да жүргізілуде.
Шомылу маусымында қайғылы жағдайдың алдын алу үшін суда қауіпсіз жүру ережелерін еске саламыз:
- рұқсат етілген жерлерде ғана шомылуға;
- мас күйде суға түспеу;
- балаларды қараусыз қалдырмауға;
- түнде суға түспеу.