
Қарағанды облысында жазғы кезеңде қауіпсіздік шаралары бойынша балалар арасында үгіттік-профилактикалық жұмыс жалғасуда.
14 маусымда Қарағанды қаласының Athletics спорттық-ойын-сауық саябағының аумағында балаларға ойын түрінде танымдық іс-шара өткізілді. Құтқарушылар су айдындарындағы тәртіп ережелері туралы айтып, суға батып бара жатқан адамды судан қалай құтқару керектігін және зардап шегушіге дәрігерге дейінгі көмекті қалай дұрыс көрсету керектігін көрсетті. Өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді. Отпен жұмыс істеу кезінде дұрыс мінез-құлыққа ерекше назар аударылды.
Балалар өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың арнайы техникасын жақынырақ қарап, өздеріне киім-кешек киіп, мамандарға өз сұрақтарын қоя алды.
Сондай ақ балаларға шұғыл қызметтердің телефондары көрсетілген қауіпсіз жүріс тұрыс ережелері бойынша профилактикалық жадынамалар таратылды