
Қарағанды облысының ТЖД басшысы Мұрат Қатпанов өрт сөндіру бекеттерінің, ерікті өрт сөндіру бөлімшелерінің және орман өрт сөндіру бекеттерінің өрт қауіпті кезеңіне дайындығын бағалау мақсатында Осакаров ауданы бойынша комиссиялық тексеріс өткізді.
«Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 8 елді мекенінің ерікті өрт сөндіру құрамалары, 7 өрт сөндіру бекеті және орман өрт сөндіру бекеті тексерілді.
Өрттерді сөндіруге күштер мен құралдарды тарту жоспарына сәйкес облыста 26 ерікті өрт сөндіру бөлімшелері жұмыс істейді, олардың саны 231 адам және 98 бірлік бейімделген техника.
Сондай-ақ Осакаров ауданында 7 өрт сөндіру бекеті бар.
Осакаров ауданының әкімдігі екі жыл ішінде тіркеме негізіндегі 6 «Ермак» өрт сөндіру модулін, 26 өрт сөндіру киімінің жиынтығын сатып алып, Родниковское, Трудовое, Сарыөзек және Садовое ауылдарының ерікті өрт сөндіру жасақтары арасында үлестірілді.
Тексеріс нәтижелері бойынша жедел әрекет етуді жақсарту және табиғи өрттерді сөндіру бойынша ұсынымдар берілді, оның ішінде өрт сөндіру құралдарына қосымша жабдықтар, байланыс құралдары, өрт сөндіру құралдары, арнайы киімдер және т.б.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі