Демалыс күндері Қарағанды облысында екі адам суға батып кетті

Демалыс күндері Қарағанды облысында екі адам суға батып кетті

 

Суға түсуге арналмаған жерлерде шомылу және қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан Қарағанды облысының су айдындарында 3-4 маусым демалыс күндері екі адам суға батып кетті.

Алғашқы қайғылы оқиға 3 маусымда Нұра ауданында болды. Нұра өзенінде Егінді ауылынан 3 км қашықтықта 2009 жылы туған қыз суға батып кетті. Оқиға орнына Қарағанды облысы ТЖД құтқарушы-сүңгуірлері жіберілді. Құтқарушылардың күшімен суға батқан қыздың денесі оқиға орнынан шамамен 15 м қашықтықта табылып, шығарылды (өзен түбі қатты лайланған, тереңдіктің күрт өзгеруі, су асты ағысы, кей жерлерде күшті).

Екінші жағдай келесі күні Бірінші Мамыр ауылының маңындағы Бұқар Жырау ауданында орын алды. Нұра өзенінде достарымен демалыста болған 1997 жылы туған ер адам суға батып кетті. Іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында құтқарушылар оқиға орнынан 3 метр тереңдікте 60 метр қашықтықта суға батқан адамның денесін тапты.

Қарағанды облысының ТЖ департаменті шомылу кезеңінде қайғылы жағдайға жол бермеу үшін суда жүріс тұрыс ережелерін сақтауды ескертеді:

- Жабдықталмаған жерлерде шомылуға қатаң тыйым салынады!

- Жүзе алмай, белден жоғары суға түспеңіз!

- Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!

- Мас күйінде шомылмаңыз!

- Бейтаныс жерлерде шомылмаңыз!

- Түнде шомылмаңыз!

- Тақталарды және жүзуге арналмаған басқа заттарды пайдаланбаңыз!

- Құтқару кеудешелері мен белдіктерінсіз жүзу құралдарында болуға қатаң тыйым салынады!

Оқиғалар мен ТЖ кез келген алғышарттары мен фактілері туралы 112 немесе 8 (7212) 433636, 433737 телефондарына қоңырау шалыңыз.