
24 мамыр күні сағат 00:10-да Қарағанды облысының ТЖД күштері мен құралдарының тобы Абай облысы аумағындағы орман өртін сөндіруге көмек көрсету үшін аттанды.
«Семей орманы» мемлекеттік орман шаруашылығы резерваты аумағында өрт болып жатқан Бородулиха ауданына 27 қызметкер және 6 бірлік техника жіберілді.
Сондай-ақ Қарағанды аэродромынан су төгетін құрылғысы бар Ми-171 тікұшағы жөнелтілді.
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі