Оқу орындарының директорларымен кездесу

Оқу орындарының директорларымен кездесу

2023 жылғы 19 мамырда Қарағанды облысы Білім басқармасының басшылығымен ведомствоаралық өзара іс-қимыл жөніндегі конференция жұмысы шеңберінде Қарағанды облысының ТЖ департаменті басшылығының оқу орындарының директорларымен кездесуі ұйымдастырылды. Конференция жұмысына облыстың білім беру мекемелерінің 500-ден астам директорлары қатысты.

Конференция барысында Департамент басшылығы балалардың жарақаттануына байланысты жазғы кезеңдегі (су айдындарында, тұрмыстық және табиғи өрттерде, биіктіктегі жарақаттарда және басқа да төтенше жағдайларда) оқиғалар бойынша жалпы жағдайды жеткізді, жазғы кезеңмен байланысты барлық ықтимал қауіптерді, атап айтқанда балалардың су қоймаларында бақылаусыз болуына, балалардың отпен және электр құралдарымен ерсі қылықтардың зияндылығына, балалардың терезелер мен балкондардан құлау қаупімен байланысты тәуекелдер жеткізілді.

Конференция қорытындысы бойынша мектеп, колледж және мектепке дейінгі мекемелердің директорларына жазғы каникул кезеңінде балалардың қаза болуына және жарақаттануына жол бермеу жөнінде нақты ұсыныстар берілді, сондай-ақ оқушылар мен олардың ата-аналары арасында одан әрі тарату үшін су айдындарындағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі және балалардың терезелер мен балкондардан құлап кетулеріне жол бермеу қағидалары бар үгіт-профилактикалық материалдар таратылды.