50 жылдық мерейтой

50 жылдық мерейтой

Қарағанды ​​облысының Төтенше жағдайлар департаментінде қызметкерді 50 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Азаматтық қорғау подполковнигі Лаура Алпысбаева азаматтық қорғау органдарында 2001 жылдан бері қызмет етіп келеді. Қазіргі уақытта Саран қаласы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы болып жұмыс істейді. Ал еңбек жолын радиотелефонист лауазымынан бастаған.

Лаура Жағпарқызы қызмет барысында өзін кәсіби білікті, саналы да еңбекқор, талапшыл қызметкер ретінде көрсете білді.

Функционалдық міндеттеріне сәйкес азаматтық қорғаныс, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, ақпараттық-талдау жұмыстарын жүргізу саласындағы жұмыстарды жүргізуге жауапты, Саран қаласының азаматтық қорғау қызметтерінің жұмысын үйлестіреді. Жалпы, Лаура Алпысбаева бөлімнің тиімді жұмысының қажетті деңгейін құру, қолдау және дамыту үшін жауапты.

Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов мерей той иесін туған күнімен құттықтады.

«Мерейтой – әрбір адамның өміріндегі айтулы күн, жаңа жоспарлар мен идеялардың өрісі кең ашылатын, баға жетпес өмірлік тәжірибенің арқасында ең күрделі міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін таңғажайып уақыт», - деді ТЖД бастығы.

Әріптестер Лаура Жағпарқызын мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, отбасылық амандық, тілектерінің орындалуын тіледі.

 

 

Қарағанды ​​облысы ТЖД баспасөз қызметі