Қарағандылық өрт сөндіруші АНЖ Әлем Чемпионатының жеңімпазы болды

Қарағандылық өрт сөндіруші АНЖ Әлем Чемпионатының жеңімпазы болды

2023 жылғы 11-13 мамыр аралығында Уфа қаласында (Ресей Федерациясы) абсолютті нақты жекпе-жектен (АНЖ) әлем чемпионаты өтті. 

      Әлем чемпионаты екі бөлімде өтті: кимано бөлімі және рашгард бөлімі.

      Осы Әлем чемпионатында ел намысын Қарағанды облысы ТЖД қызметкері азаматтық қорғау капитаны Нұркеев Мұхамедрахим қорғап, өте жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

    Кимано бөліміндегі бірінші күні ол Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды және халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болды.

    Екінші күні рашгард бөлімінде ол Әлем чемпионатының қола медалін жеңіп алды.

    Жалпы, Мұхамедрахим 7 жекпе-жек өткізді, оның 5-інде жеңіске жетті.