
Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов жеке құрам атынан азаматтық қорғау майоры Владислав Кибецке үлгілі және жанқиярлық қызметі үшін алғысын білдірді.
«Азаматтық қорғау қызметкері ретінде қиын да кәсіби жолды таңдай отырып, Сіз кәсібилік пен адалдық танытып, сеніп тапсырылған ұжымға лайықты қызмет етіп, шебер басшылық жасадыңыз. Сіздің табысты басшылығыңыз бен жанқиярлық еңбегіңіздің нәтижесінде көптеген төтенше жағдайлар мен өрттердің алдын алып, бірнеше адамның өмірі сақтап қалынды», - деп атап өтті ТЖД басшысы.
Азаматтық қорғау майоры Владислав Кибец азаматтық қорғау органдарындағы еңбек жолын 2004 жылы №28 өрт сөндіру бөлімінде бастады.
Қызмет еткен жылдары өрт сөндіруші, жүргізуші, жасақ бастығы, қарауыл бастығы, өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, бас маман және Абай ауданы ТЖБ төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы болып әртүрлі лауазымдарда қызмет етті.
Әріптестер оған зор денсаулық, сарқылмас қуат, көңілді демалыс және жаңа жетістіктер тіледі.