"Азия ойл" мұнай базасында өрт-тактикалық жаттығулар өтті

"Азия ойл" мұнай базасында өрт-тактикалық жаттығулар өтті


Қарағанды қаласындағы "Азия ойл" мұнай базасының аумағында өрт сөндіру және мұнай өнімдерін сақтау объектілерінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу тақырыптары бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өтті.
Қауіпті нысандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді, сондықтан оларда үнемі жаттығулар өткізіледі.
Тактикалық жоспар бойынша №6 болат резервуарда жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу нәтижесінде дизель отыны бар резервуардың айнасы өртенді, өрттің көрші резервуарларға таралу қаупі болды.
Қысқа мерзімде шартты өрт орнында Қарағанды қаласының өрт-құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдары шоғырландырылды, объект персоналымен өзара іс-қимыл пысықталды, жанып жатқан және көршілес резервуарларды салқындату ұйымдастырылды, көбік шашу жүргізілді, нәтижесінде өртті оқшаулауға және жоюға қол жеткізілді.
Оқу-жаттығуға Қарағанды облысы ТЖД 9 бірлік техникасы мен жеке құрамының 35 адамы қатысты.


Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі