
2023 жылғы 4 мамырда Қарағанды облысының құтқарушылары арасында Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына арналған шағын футболдан турнир өтті.
Іс-шараның мақсаты-өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды тұрақты спортпен шұғылдануға тарту, дене шынықтыруды жан-жақты арттыру, қызметкерлерде қызметке қажетті моральдық-еріктік қасиеттерді әзірлеу.
Жарысқа Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелерінен 18 футбол командасының қатысушылары жиналды.
Бірнеше жыл бойы Қарағанды облысы ТЖ департаментінің ұжымдары арасында спорттық жарыстар өткізу дәстүрге айналды. Өйткені, әр құтқарушы әрдайым өзін жақсы спорттық формада ұстап, жолдастық матчтарда ұжымның намысын қорғауы керек. Бұл әр қызметкердің міндеті болып саналады. Мұнда барлық қатысушы командаларының ойыншылары өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетті. Ойын принципті болмаса да, бәрі әдемі футбол көрсетуге және қалаған нәтижеге қол жеткізуге тырысты.
Турнир барысында кездесулерге қатысушылар өздерінің күштері мен төзімділіктерін сынады, жолдастық рухын нығайтты. Көптеген командалардың құрамында көптеген жас ойыншылары болды, дегенмен ойындар жоғары қарқынмен және үлкен спорттық толқулармен өтті.
Турнирдің қорытындысы бойынша №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы табанды күресте жеңімпаз атанды. 2-ші орында № 11 өрт сөндіру бөлімінің футболшылары болды. Саран қаласының №24 ӨСБ 3-ші орынды иеленді.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, кубоктармен және грамоталармен марапатталды.