4 мамырда Қарағанды қаласында Құтқарушылар аллеясында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік шараға Төтенше жағдайлар министрлігінің Қарағанды облысындағы бөлімшелерінің жеке құрамы, қызмет ардагерлері, қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің туыстары қатысты.
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов жиналғандарды келе жатқан мерекелерімен құттықтаған: «Ерлік, батырлық пен батылдық нышанын бейнелейтін нағыз патриоттық екі мереке – ардагерлердің ерліктерін есте сақтайды. керемет күш-жігер мен сансыз құрбандардың құнына бізге бейбітшілік пен тыныштық сыйлады».
Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін бірқатар қызметкерлер мен ардагерлерге марапаттар мен басшы құрам атақтары салтанатты түрде табыс етілді.
«Құтқарушы» төс белгісі №12 өрт сөндіру бөлімінің командирі азаматтық қорғау старшинасы Бейбіт Ниязбековке берілді.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің Грамотасы №10 өрт сөндіру бөлімінің командирі азаматтық қорғау аға сержанты Қасымхан Құнанбаевқа табыс етілді.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Алғыс хатымен №11 өрт сөндіру бөлімінің командирі азаматтық қорғау старшинасы Дмитрий Фролов және Төтенше жағдайларды жою басқармасының бас маманы азаматтық қорғау капитаны Дамир Өскенов марапатталды.
Азаматтық қорғау органдарының ардагерлері Айдар Қылдыбаев пен Мұқатай Есентаев «Өрт сөндіру қызметіне 105 жыл» және «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды. Ардагерлер ұйымының жұмысына белсенді қатысқаны, жас қызметкерлерді тәрбиелегені үшін грамоталармен Ғабит Қалыбеков пен Юрий Проколов марапатталды.
Барлығы 20 қызметкер мен қызмет ардагерлері алдағы мерекелерге ведомстволық наградаларға ие болды.
Салтанатты шара мерекелік музыкалық нөмірлермен сүйемелденді.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің авариялық-құтқару қызметтері тұрақты талап ету және тәулік бойы әзірліктегі күштер мен құралдар болып табылады.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс аумағында халықты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз етеді.
Халықты қорғау және төтенше жағдайларды жою үшін облыста 2000-ға жуық адамды құрайтын 50 бөлімше жұмылдырылған. Құтқару ұшақтары мен Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімі де тұрақты дайындықта.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті жерлестерді келе жатқан мерекелер – Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтайды. Әр шаңырақта бейбітшілік, келісім, тыныштық болсын. Сіздерге зор денсаулық, амандық және мейірімділік тілейміз.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі