«Kazameta» сауда үйінде өрт-тактикалық сабақ өткізілді

«Kazameta» сауда үйінде өрт-тактикалық сабақ өткізілді

21 сәуірде Қарағанды қаласында №5 және №10 өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамымен "Kazameta" сауда үйінде "Адамдар жаппай жиналатын объектілердегі өрттерді сөндіру" тақырыбында өрт-тактикалық сабақ өткізілді.

Оқу-жаттығу барысында өрт туындаған кезде персоналдың іс-қимылдары, өрт күзеті бөлімшелер келгенге дейін адамдарды эвакуациялау және шақыру орнына келген алғашқы өрт сөндіру бөлімшелерінің ұйымдастыруы пысықталды. Сондай-ақ адамдарды эвакуациялау тәртібі бойынша объект әкімшілігімен өзара іс-қимыл, бөлімшелердің жедел ден қоюы, бөлімшелердің жеке құрамының дабылы бойынша жинау және шығу, өрт оқпандарын бере отырып, барлау және жауынгерлік өрістетуді жүргізу пысықталды. Оқу-жаттығудың мақсаты объектілердегі өрттерді сөндіруді ұйымдастыру мен тактикасының барлық мәселелерін практикалық пысықтау, сондай-ақ әкімшілікпен және қызметтік персоналмен өзара іс-қимылды пысықтау болып табылады.

Оқу-жаттығуға Қарағанды облысы ТЖ департаментінің жеке құрамынан 25 адам және 6 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт-тактикалық оқу-жаттығу барысында қойылған мақсаттар мен міндеттер орындалды. Оқу-жаттығу жетекшісі іс-шараға қатысқаны үшін барлығына алғысын білдірді.

Қарағанды облысының ТЖ Департаменті сауда объектілеріне келушілерге өрт шыққан жағдайда дұрыс әрекет етуді еске салады:

- кез келген ғимаратқа кірерде, "шығу" белгілерімен белгіленген қосалқы және авариялық шығуларға назар аудару қажет;

- ғимараттан ең жақын эвакуациялық шығу бағытында эвакуациялау қажет. Сіз оттан тезірек кетуіңіз керек, уақытты жоғалтпаңыз, ештеңе іздемеңіз және заттарды жинамаңыз;

- зиянды жану өнімдері бөлмеде сіздің бойыңыз бен одан жоғары деңгейде жиналуы мүмкін, сондықтан түтін болған жағдайда шығуға төрт аяқпен немесе жорғалап шығу керек;

- түтін көп болса  көп қабатты мақта матамен тыныс алу жолдарын мықтап жауып, мата арқылы тыныс алу керек;

- өрт туралы немесе жану белгілерін (түтін, температураның көтерілуі, күйік иісі) «101» немесе «112» телефондары арқылы өртке қарсы қызметке хабарлаңыз!

 

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі