Қарағанды облысының автожолдарындағы құтқару операциялары

Қарағанды облысының автожолдарындағы құтқару операциялары

17 сәуірде Бұқар Жырау ауданында "Қызылорда – Павлодар" автожолының 995 шақырымында, Қарағанды қаласынан 30 шақырым жерде жолаушылары бар автобус тоқтап қалды. ТЖД күшімен Қарағанды қаласының автовокзалына автобустан 70 адам эвакуацияланды. Автобус "Худжан – Новосибирск" бағыты бойынша жүрді. Эвакуацияланған жолаушыларға медициналық көмек қажет болмады.

Осакаровка ауданында "Осакаровка-Батпақ" жергілікті маңызы бар автожолында 2 құтқару операциясы жүргізілді. Сарыөзен ауылының ауданында құтқарушылар күшімен жолдың тазартылған учаскесіне 3 адамнан тұратын жеңіл автомобиль сүйретілді. Екінші жағдайда, Осакаровка кентінен 7 шақырым жерде жолдың тазартылған учаскесіне жол талғамайтын көлік шығарылды, онда 2 адам құтқарылды. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады.

Қазіргі уақытта Қарағанды облысы бойынша автожолдар барлық бағыттар бойынша ашық.

Қатаң ұсынамыз:

- елді мекендерден тыс жерде жүрмеу;

- жабық жерлерде жолдарда көлік кептелісін жасамау;

- мүмкіндігінше елді мекендерде, кемпингтерде, жол бойындағы кафелерде болыңыз.

- жолдардағы қозғалысты жабу немесе шектеу туралы ақпаратты қадағалаңыз.

Ауа райы жағдайының өзгеруі және жолдардың жай-күйі туралы жедел ақпарат «Дармен» мобильді қосымшасында, ТЖД әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында қолжетімді.

Оқиғалар мен төтенше жағдайлардың барлық фактілері туралы 112 немесе (8-7212) 43-36-36, 43-37-37 телефондарына хабарласыңыз.

 

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі