ТЖМ-мен қауіпсіздік аптасы

ТЖМ-мен қауіпсіздік аптасы

2023 жылғы 13 сәуірде Теміртау қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері

№2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі және Құтқару бөлімшесінің жеке құрамымен бірлесіп, Апаттар медицинасы орталығының, «Қызыл жарты ай» қоғамдық бірлестігінің және

«Шаңырақ» еріктілер орталығының жұмыскерлерін тарта отырып, №6 жалпы

білім беретін мектепте «ТЖМ-мен қауіпсіздік аптасы» жалпы республикалық акциясын өткізді.

  Бұл Акция 5-10 сынып оқушыларына төтенше жағдайлар түрлері және олар орын алған кездегі іс-қимылдар алгоритмі туралы ақпараттандыруға бағытталған.

Теміртау қаласы ТЖ басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрмұхамед Интуев оқушыларға өрт қауіпті кезеңдегі және алда келе жатқан шомылу маусымындағы, сондай-ақ көп қабатты тұрғын үйлердің терезесінен балалрдың құлап кетуіне байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу жөніндегі негізгі қауіпсіздік шараларын жеткізді.

Іс-шара барысында Апаттар медицинасы орталығының және «Қызыл жарты ай» жұмыскерлері төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және «Жүрек өкпені реанимациялау» дағдыларын көрсетті.

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар өрт сөндіру техникасы мен авариялық-құтқару жабдықтарын, сондай-ақ шартты өртті сөндіру кезіндегі өз дағдыларын көрсетті. Оқушылар азаматтық қорғау органдары қызметтерінің қару-жарағына үлкен қызығушылық танытты.