Приозерск қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы тағайындалды

Приозерск қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы тағайындалды

Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бұйрығымен Приозерск қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы лауазымына азаматтық қорғау подполковнигі Сапарғали Құрымбаев тағайындалды.

Жаңа басшыны жеке құрамға Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Ақылбек Ахметжанов таныстырды.

Сапарғали Құрымбаев 1980 жылы дүниеге келген. «Сырдария» университетінің және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі. Азаматтық қорғау органдарындағы қызметін 2007 жылы Приозерск қаласы өрт сөндіру бөлімінің тергеушісі болып бастады. Сапарғали Құрымбаев жаңа қызметке тағайындалғанға дейін N15 өрт сөндіру бөлімінің бастығы қызметін атқарған.