
2023 жылғы 5 сәуірде Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Қатпановтың төрағалығымен М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына курсанттарды тарту мәселесі бойынша жедел кеңес өтті. Жиынға аумақтық және өрт сөндіру бөлімдерінің басшылары қатысты.
Кадр саясаты басқармасының басшысы Үмбет Қаналин мектеп және колледж түлектері арасында жүргізіліп жатқан кәсіптік бағдар беру жұмыстары туралы баяндады. Жұмыстың қорытындысы талқыланып, алдағы жоспарлар құрылды.
Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, министрлікке қарасты оқу орнын курсанттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру шараларын жалғастыруды тапсырды.
ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы «Өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайларда қорғау», «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары», «Азаматтық қорғаныстың тактикалық күштері» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар білікті офицерлерді даярлайтын бірден-бір ведомстволық оқу орны болып табылады.
Оқу кезінде курсанттар казармалық жағдайда болады, олар толық мемлекеттік қолдауда: тамақпен, нысанды киім-кешекпен және т.б. қамтамасыз етіледі.
Академияда оқу уақыты азаматтық қорғау органдарындағы еңбек өтіліне тең. Оқуды бітіргеннен кейін түлектерге азаматтық қорғау лейтенанты арнайы атағы беріледі. АҚА бітірген барлық адамдар міндетті түрде жұмыспен қамтамасыз етіледі, ТЖМ бөлімшелеріндегі лауазымдарға тағайындалады, бұл ретте тұрғылықты жері ескеріледі.