
30 наурыздағы жағдай бойынша Нұра ауданында су тасқыны жағдайы тұрақты. Елді мекендерді су басып, жолдарды шаю тіркелген жоқ. Белсенді су басу процестері байқалмайды. Ауданның 40 %-ға жуығын қар басып жатыр.
Су өткізгіштер мен көпірлерді тазалау бойынша жоспарланған барлық жұмыстар толық көлемде орындалды. Республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда барлығы 616 су өткізгіш құбырлар мен 4 көпір бар. Тұрғын үй секторынан 29 000 м3 қар шығарылды. Елді мекендерде 33,17 шақырым дренаждық траншеялар кесіліп, 0,83 шақырым каналдар мен арықтар тазартылды. Елді мекендерде су өткізгіш құбырлар толығымен тазартылды. Елді мекендердің ішінде барлығы 254 су өткізгіш құбыр бар.
Су шаруашылығы нысандарына кіретін жолдар тазартылды, патрульдеу ұйымдастырылды.
Су тасқыны кезінде мұз кептелістерінің пайда болуының алдын алу мақсатында қажет болған жағдайда Нұра ауылы маңындағы Құндызды өзенінде, сондай-ақ Жаманқон, Құланөтпес өзенінде жедел жарылыс жұмыстары жүргізілді.
Барлық елді мекендерде, ауыл және кент әкімдерінің аппараттарында жедел штабқа күн сайын есеп беріп, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Су тасқыны басталғанға дейін қажетті мөлшерде инертті материал, қаптар, дизельдік отын, дәрі-дәрмектерді алдын ала сатып алу бойынша барлық шаралар қабылданды. Тартылған мамандандырылған техника мен қажетті техниканың жұмысқа қабілеттілігі тексерілді.
Су тасқыны кезіндегі іс-шаралар бойынша тұрғындармен алдын алу шаралары жүргізілді. Газеттерде 5 мақала жарияланды, әлеуметтік желілерде 150-ден астам жарияланымдар жасалды, хабарландыру жүйесі арқылы да профилактикалық ақпараттар жеткізілді.
Ауданда жұмыс жалғасуда және бақылауда.
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі