Қарағанды облысының өзендерінде мұзды ұсақтау жұмыстары жалғасуда

Қарағанды облысының өзендерінде мұзды ұсақтау жұмыстары жалғасуда

28 наурыз күні Ақтоғай ауданы Караменде би ауылдық округінде Қуаныш өзенінде 2 учаскеде жарылыс жұмыстары жүргізілді. Мұзды ұсақтау жалпы ауданы 400 шаршы метрде жүргізілді.
Жүргізілген жұмыстар өзен арналарының өткізу қабілетін арттыруға, еріген су мен мұз массаларының кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жалпы облыс өзендерінде мұзды қопсыту жұмыстары Бұқар жырау, Осакаров, Қарқаралы және Ақтоғай аудандарында жалпы ауданы 7000 шаршы метр болатын 17 учаскеде жүргізілді.
Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді!
Балаларды ересектердің бақылауынсыз өзендерге жібермеңіз. Өзен немесе көл жарылған кезде мұз үстінде болу қаупі туралы ескертіңіз. Сондай-ақ су қоймаларының маңында мал жаюын шектеу ұсынылады.
Мұздың астына түсу мүмкіндігі, сондай-ақ мұздың бөліну қаупі бар.
Автокөлікпен мұзға шықпаңыз.
Көктемгі су тасқыны мен мұздың жылжуы кезінде абай болыңыз.
Өз өміріңізге қауіп төндірмеңіз!


Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі