Абайлаңыз! Қарағанды облысының өзендерінде мұз жару жалғасуда!

Абайлаңыз! Қарағанды облысының өзендерінде мұз жару жалғасуда!

Қарағанды облысының өзендерінде су тасқынына қарсы профилактикалық іс-шаралар аясында мұзды ұсақтау жұмыстары жалғасуда. Көктемгі мұздың жылжуы кезінде кептелу құбылыстарының алдын алу және тасқын суларының апатсыз өтуін ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдануда.

27 наурызда Қарқаралы ауданы Тегісшілдік ауылдық округіндегі Жарлы өзенінде жарылыс жұмыстары жүргізілді. Мұзды ұсақтау 650 шаршы метр аумақта жүргізілді.

Бұған дейін Бұқар жырау ауданындағы және Теміртау қаласының маңында Нұра, Өткелсіз өзендерінде, Осакаров ауданындағы Сабырқожа өзенінде мұзды ұсақтау, бұрғылау және кесу жұмыстары жүргізілді.

Жүргізілген жұмыстар өзен арналарының өткізу қабілетін арттыруға, еріген су мен мұз массаларының кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді!

Балаларды ересектердің бақылауынсыз өзендерге жібермеңіз. Өзен немесе көл жарылған кезде мұз үстінде болу қаупі туралы ескертіңіз. Сондай-ақ су қоймаларының маңында мал жаюын шектеу ұсынылады.

Мұздың астына түсу мүмкіндігі, сондай-ақ мұздың бөліну қаупі бар.

Автокөлікпен мұзға шықпаңыз.

Көктемгі су тасқыны мен мұздың жылжуы кезінде абай болыңыз.

Өз өміріңізге қауіп төндірмеңіз!

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі