
27 наурыздағы жағдай бойынша Бұқар-Жырау ауданында су тасқыны жағдайы тұрақты. Елді мекендерді су басып, жолдарды тасу тіркелген жоқ. Белсенді су басу процестері байқалмайды. Ауданның 60 пайызға жуығын қар басып жатыр.
Су өткізгіштер мен көпірлерді тазалау бойынша жоспарланған барлық жұмыстар толық көлемде орындалды. Барлығы 440 су өткізгіш және 2 көпір бар.
Тұрғын үй секторынан 42 540 м3 қар шығарылды. Елді мекендерде 25,16 шақырым дренаждық траншеялар кесіліп, 9,83 шақырым каналдар мен арықтар тазартылды. Су объектілеріндегі автоматты су төгетін құбырлар толығымен тазартылды.
Су тасқыны кезінде мұз кептелістерінің пайда болуын болдырмау мақсатында жалпы аудан бойынша Ботақара ауылы, Петровка, 1-Май ауылдары және Ғ.Мұстафина ауылы маңындағы Нұра өзені арқылы өтетін автомобиль көпірлерінің жанында жалпы алаңы 1800 ш.м.аумақта бұрғылау және мұз кесу жұмыстары жүргізілді.
Дәл осы мақсатта Жастілек ауылы маңындағы Өткелсіз өзенінде екі ауданда, жалпы алаңы 1240 шаршы метрде, сондай-ақ Ботақара кенті мен Петровка ауылының маңындағы Нұра өзенінде жалпы ауданы 1590 шаршы метрде мұзды жару жұмыстары жүргізілді.
Барлық ауылдық округтер мен елді мекендерде су тасқыны кезеңінде іс-қимыл ережелері бойынша тұрғындармен белсенді профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. 8 мыңнан астам халықты қамтыған 52 жиын өткізілді. Тұрғындарға 2800 дана парақшалар табыс етілді. Ауданда жұмыс жалғасуда және бақылауда.
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі