
26 наурыздағы жағдай бойынша Абай ауданының аумақтарында су тасқыны жағдайы тұрақты. Елді мекендерді су басып, жолдарды тасу тіркелген жоқ. Белсенді су басу процестері байқалмайды. Аудан аумағының 59 пайызға жуығын қар басып қалған.
Су өткізгіштер мен көпірлерді тазалау бойынша жоспарланған барлық жұмыстар толық көлемде орындалды. Қар шығару жұмыстары белсенді жүргізілуде, барлығы 25 000 м3 қар шығарылды. Елді мекендерде 2,3 шақырым дренаждық траншеялар кесіліп, 23 шақырым каналдар мен арықтар тазартылды. Су объектілеріндегі автоматты су төгетін құбырлар толығымен тазартылды.
Барлық елді мекендер мен ауылдық округтерде су тасқыны кезеңіндегі ережелер мен іс-шаралар бойынша тұрғындармен белсенді профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
3200 адамды қамтыған 36 жиын өткізілді. Тұрғындарға 3520 дана парақшалар табыс етілді.
Ауданда тасқынға қарсы жұмыстар жалғасуда және бақылауда.
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі