
25 наурыздағы мәлімет бойынша, Ақтоғай өңірінде су тасқыны жағдайы тұрақты. Елді мекендерді су басып, жолдарды тасу тіркелген жоқ. Белсенді су басу процестері байқалмайды. Ауданның 65 пайызға жуығын қар басып жатыр.
Су өткізгіштер мен көпірлерді тазалау бойынша жоспарланған барлық жұмыстар толық көлемде орындалды. Қар шығару жұмыстары белсенді жүргізілуде, барлығы 28 000 м3 қар шығарылды. Елді мекендерде 7,5 шақырым дренаждық траншеялар кесіліп, 9 км каналдар мен арықтар тазартылды. Су объектілеріндегі автоматты су төгетін құбырлар толығымен тазартылды.
Барлық елді мекендер мен ауылдық округтерде су тасқыны кезеңіндегі ережелер мен іс-шаралар бойынша тұрғындармен белсенді профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
2910 адамды қамтыған 14 жиын өткізілді. Тұрғындарға 3000 парақшалар табыс етілді.
Ауданда тасқынға қарсы жұмыстар жалғасуда және бақылауда.
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі