Шет ауданындағы су тасқыны жағдайы

Шет ауданындағы су тасқыны жағдайы

24 наурыздағы жағдай бойынша Шет ауданы аумақтарында су тасқыны жағдайы тұрақты. Елді мекендерді су басып, жолдарды тасу тіркелген жоқ. Белсенді су басу процестері байқалмайды. Аудан аумағының 62 пайызға жуығын қар басып қалған.
Су өткізгіштер мен көпірлерді тазалау бойынша жоспарланған барлық жұмыстар толық көлемде орындалды. Барлығы 515 су өткізгіш және 16 көпір. Қар шығару жұмыстары белсенді жүргізілуде, барлығы 13650 мың м3 қар шығарылды. Елді мекендерде 8,6 шақырым дренаждық траншеялар кесіліп, 45 шақырым каналдар мен арықтар тазартылды. Су объектілеріндегі автоматты су төгетін құбырлар толығымен тазартылды.
Барлық елді мекендер мен ауылдық округтерде су тасқыны кезеңіндегі ережелер мен іс-шаралар бойынша тұрғындармен белсенді профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
7 мың адамды қамтыған 21 жиын өткізілді. Тұрғындарға 3200 мың дана парақшалар тапсырылды.
Ауданда тасқынға қарсы жұмыстар жалғасуда және бақылауда.

 

 

Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі