
Қарағанды облысының ТЖ департаментінде көктемгі күн мен түннің теңелетін күні – Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік шараға қызмет ардагерлері мен Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы шақырылды.
ТЖД бастығы, полковник Мұрат Қатпанов әріптестерін мерекелерімен құттықтап, Наурыз мейрамы ежелден табиғаттың жаңғыруы мен жаңаруының символы болғанын, заман мен ұрпақтың үздіксіз байланысын, достықты бейнелейтінін атап өтті.
Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.
Қызметкерлер арасында армрестлинг, гір көтеру, арқан тартыс жарыстары ұйымдастырылды.
Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша түрлі салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздарға медальдар мен дипломдарды ТЖД басшысы Мұрат Қатпанов пен Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар ардагерлері кеңесінің төрағасы Берік Елеуов табыс етті.
ТЖД барлық бөлімшелерінде көктемгі күн мен түннің теңелу күні атап өтіледі: спорттық жарыстар өткізіледе, мерекелік дастархандар қамтылды, концерттер ұйымдастырылуда.
Қарағанды облысының ТЖД баршаңызды көктемнің, жаңару мен өсудің мерекесі – Наурыз мейрамының жарқын мерекесімен құттықтайды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі