Қарағанды циркінде өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті

Қарағанды циркінде өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті

2023 жылғы 16 наурызда Қарағанды циркінде шартты өртті сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті. Оқу-жаттығудың тақырыбы:" Адамдар көп жиналатын мәдени-ойын-сауық ғимараттарында өрттерді сөндіру".
Оқу-жаттығу барысында өрт туындаған кездегі персоналдың іс-қимылы, өрт сөндіру күзеті бөлімшелері келгенге дейін адамдарды эвакуациялауды жүргізу және шақыру орнына келген алғашқы өрт сөндіру бөлімшелерінің кездесуін ұйымдастыру пысықталды. Сондай-ақ, адамдарды эвакуациялау тәртібі бойынша объект әкімшілігімен өзара іс-қимыл, бөлімшелерді жедел ден қою, бөлімшелердің жеке құрамының дабылы бойынша жинау және шығу, келетін күштер мен құралдарды орналастыру, өрт оқпандарын бере отырып барлау және жауынгерлік өрістетуді жүргізу, магистральдық желіні сала отырып, өрт сөндіру су көзіне өрт сөндіру автомобилін орнату пысықталды.
Оқу-жаттығуға Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 23 адам және 6 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін оқу-жаттығу басшысы барлық қатысушылармен объект персоналы мен кезекші қарауылдардың іс-әрекеттеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізді, әрбір лауазымды тұлғаның іс-әрекетіне баға берілді.


Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі