Құтқарушылар арасындағы үстел теннисі турнирі

Құтқарушылар арасындағы үстел теннисі турнирі

"Наурыз" ұлттық мерекесі қарсаңында Қарағанды қаласының №11 өрт сөндіру бөлімінің спорт кешенінде Қарағанды облысының өртке қарсы қызмет бөлімшелері арасында үстел теннисінен жарыс өтті.

Қарағанды қаласының құтқарушылары арасында түрлі спорттық жарыстар өткізу дәстүрге айналды, олардың басты мақсаты - қызметкерлердің спорттық шеберлігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ осы спорт түріндегі құтқарушылар арасында үздік командаларды анықтау.

Жарысқа Өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінің 13 құрама командасы қатысты.

Турнир барысында өрт сөндіруші-құтқарушылар жоғары шеберлік пен жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.  Жүлделі орындар былайша бөлінді: жекпе-жектің қорытындысы бойынша 1 орынды иеленген №2 МӨСБ  командасының қатысушылары, күміс жүлдегерлер – №6 ӨСБ командасы, № 11 ӨСБ өкілдері үшінші орынды иеленді.

Турнирдің жүлдегерлері құрмет грамоталарымен марапатталды. Бірақ, жарысқа қатысушылар үшін басты марапат жақсы эмоциялар мен тамаша көктемгі көңіл-күй болды.

 

 

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі