
Ауданда негізгі дайындық жұмыстары 2022 жылдың жазғы-күзгі кезеңіндегі облыстық инженерлік-құрылыс жұмыстары жоспары аясында жүргізілді.
Ақжар және Жастілек ауылдарындағы жергілікті маңызы бар жолдағы құбырларда су өткізу қабілетін арттыру жұмыстары жүргізілді. Жаңаталап ауылындағы қорғаныш бөгеті нығайтылды, Доскей ауылында су өткізгіш құбырларды төсеу жұмыстары аяқталды. Баймырза ауылында диаметрі 500 мм 15 су өткізгіш құбырлар орнатылып, №4 Новоузен ауылдық округінің бөгетін толтыру және нығайту жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда облыстағы жағдай тұрақты. Елді мекендерден 36 мың текше метрден астам қар шығарылып, 7,5 шақырым каналдар мен траншеялар кесілді, 8,2 шақырым арықтар тазартылды.
Барлық меншік нысандарындағы жолдарда су өткізгіш құбырлар мен сақиналарды тазалау жұмыстары аяқталуда.
Бұқар-Жырау ауданында мұзды қопсыту және кесу жұмыстары жалпы ауданы 1800 ш.м. аумақта 4 учаскеде жүргізілуде.
Облыстың су басу қаупі бар аймақтары мен гидротехникалық құрылыстарға тәулік бойы мониторинг жүргізілуде.
Су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда және бақылауда.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі