
Бүгінде облыстағы жағдай тұрақты.
«Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша облыстағы күзгі ылғалдылық Нұра, Шерубай-Нұра және Тоқырау өзендерінің бассейндерінде орташа жылдық көрсеткіштерден 22-44 пайызға төмен, ылғал қоры норма шегінде.
Қалалар мен аудандарда қарды шығару, су ағатын арналар мен арықтарды тазарту, траншеяларды кесу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 2 млн 117 мың текше метр қар шығарылды, 78,8 шақырым су ағатын траншеялар кесілді, 136,2 шақырым арналар мен арықтар тазартылды. 2212 су өткізгіш құбырлары және 267 көпір тазартылған.
Ірі су қоймаларында еркін көлемді дайындау үшін су ағызулары жүргізіледі. Самарқанд су қоймасынан шығыны 3 м3/с, Интумақ су қоймасынан 8 м3/с мөлшерінде ағызулар жүргізіледі.
Су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі