
2023 жылдың 07 наурызында Қарағанды облысы ТЖ департаментінің жедел тобы ауылдық округтер әкімдігі өкілдерімен бірлесіп Абай ауданының су басу қаупі бар аумақтарын тексерді.
Тексеріс кезінде жауын-шашын мөлшеріне, елді мекен ішіндегі қар тазалау жұмыстарының сапасына, сонымен қатар елді мекенге кіретін жолдарға, жолдардағы су өткізгіш құбырларды тазалауға, қорғаныш қорғандарының, өзен арналары бойындағы көпірлердің жай-күйіне назар аударылды. Тексеріс кезінде келесі елді мекендер қаралды: Абай қаласы, Құлайғыр, Жаман-Жол, Ялта, Юбилейное, Көксүн, Тасзайымка, Жон, Жартас, Дубовка ауылдары.
Облыс бойынша қардың орташа қалыңдығы 10 см.
Тексеріс нәтижесінде 4 елді мекеннің әкімдеріне көшелерді, арықтар мен су өткізгіш құбырларды қардан тазалауға қатысты жазбаша ескертулер берілді.
Елді мекендерді тексеру жалғасуда.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі