Тәжірибелі кадр қызметкері

Тәжірибелі кадр қызметкері

Валерия Сейферлинг азаматтық қорғау органдарында 2008 жылдан бері жұмыс істейді. Қазіргі таңда Валерия Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің кадр саясаты бөлімінің бас инспекторы болып қызмет атқарады.

Ұзақ жұмыс уақытында ол өзін сауатты маман, жауапты, белсенді қызметкер ретінде көрсете білді. Валерия өзінің қызмет саласында тәжірибесі мол мен практикалық білімі бар қызметкер болып табылады.

Әріптестері оны бағалайды және құрметтейді. Кәсіби шеберлік, жеке қасиеттер, адамдарға мұқият қарау Валерия Александровнаға қызметте жетістікке жетуге мүмкіндік берді. Ол қызметке қабылдағандардың көпшілігі кейін басшылық қызметтер атқарды, бөлімшелердің бастықтары болды. Оған тек Қарағанды облысының шегінде ғана емес, жалпы республика бойынша да кәсіби мәселелер бойынша кеңес алу үшін жүгінеді.

Валерия сонымен қатар Қарағанды облысының жұмыспен қамту орталықтарымен өрт сөндіру қызметінде жастар практикасын және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізеді.

Бүгінгі таңда Валерия Александровна екі баланың тәрбиесімен жұмысын сәтті үйлестіруде.

 

 

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі