Құтқарушы – батыл, қиын, жауапты, ер мінезді мамандық. Бірақ ТЖМ жүйесінде күрделі де жауапты техникалық және ұйымдастырушылық міндеттерді атқаратын, басқару және көмекші органдарда жұмыс істейтін әйелдер бар. Төтенше жағдайлар министрлігінде қызмет атқаратын әйелдер өртті сөндірмегенімен, маңызды мәселелерді шешеді. Олардың сауатты әрекеттері көбінесе өрттерді, әртүрлі төтенше жағдайларды жою әрекеттерінде маңызды, кейде шешуші болып табылады. Солардың ішінде орталық өртке қарсы байланыс пунктінің диспетчері Мадина Бейсенбекованы атап өтуге болады.
Мадина Бейсенбекова азаматтық қорғау органдарында 2019 жылдан бері қызмет етіп келеді. Шағын еңбек өтіліне қарамастан, өзін сауатты және еңбекқор қызметкер ретінде көрсете білді. Қызметтік мәселелерді шешуде адалдық пен талапшылдық танытады. Түскен ақпаратты жылдам талдап, дер кезінде шешім қабылдай алады.
Кәсіби шеберліктің ең жарқын мысалдарының бірі 2022 жылдың 10 мамырындағы өртте көрсетілді. Сағат 17:52-де орталық өртке қарсы байланыс пунктіне «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қаңылтыр прокат цехында шатырдың өртенгені туралы хабарлама түсті. Мадина хабарламаны қабылдау кезінде келешекте өрттің нәтижесіне сәтті әсер еткен бірқатар маңызды шешімдер қабылдады. Атап айтқанда, шақырулар саны бойынша өрт орнына қосымша автоцистерналарды жіберіп, бөлімшелер кетіп бара жатқан аумақты жауып, № 22 МӨСБ және № 1 жасақтың № 2 ӨСБ жеке құрамын жинау үшін өрт техникасын қайта орналастыруға бұйрық берді. Қабылданған шаралардың арқасында өрт ошағында күштер мен құралдардың қажетті көлемі дер кезінде шоғырландырылды, бұл өртті дер кезінде оқшаулауды және жоюды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, осылайша өрттің таралу мүмкіндігін болдырмады.
Әрбір кәсіптің қызмет ерекшелігіне байланысты өзіндік қиындықтары болады. Диспетчерлер үшін бұл үлкен шиеленіс пен жауапкершілік жағдайындағы жұмыс. Борышқа адалдық, кәсібіне деген сүйіспеншілік, мінездің беріктігі мен жауаптылығы құтқару бөлімшесінің қызметкерлеріне өздерінің ауыр жұмыстарын лайықты орындауға мүмкіндік береді.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі