Қарағанды облысының ТЖД-да құтқарушы-спортшылар марапатталды

Қарағанды облысының ТЖД-да құтқарушы-спортшылар марапатталды

1 наурызда Қарағанды облысының ТЖД-да өрт-құтқару спорты бойынша ҚР чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 20-25 ақпан аралығында Астана қаласында өрт-құтқару спортынан Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтті. Чемпионат екі пәннен тұрды: шабуыл баспалдақтарымен көтерілу және 100-м кедергілер жолағын еңсеру.

Чемпионат қорытындысы бойынша №1 МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Бауыржан Текенов 100-м кедергілер жолағын еңсеруде Қазақстан Республикасының чемпионы атанды, сондай-ақ біздің құраманың жас спортшысы Антон Мартынов жоғарыда аталған пәндер бойынша медаль жеңіп алып, шабуыл сатысы бойынша көтерілу және 100 - м кедергілер жолағын еңсеру бойынша Қазақстан Республикасының абсолютті чемпионы атанды.

Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Бекбосынов барлық гарнизон атынан спортшыларды лайықты жеңісімен құттықтап, салтанатты түрде жеңімпаздар мен жүлдегерлерге грамоталар мен сертификаттар табыс етті.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!