Қарағанды облысының ТЖ департаментінде салтанатты шара өтті

Қарағанды облысының ТЖ департаментінде салтанатты шара өтті

Қарағанды ​​облысының ТЖ департаментінде Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне, сондай-ақ Алғыс айту күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған қызмет ардагерлері, ТЖД басшылары мен жеке құрамы қатысты. Мерекелік шараны облыстық ТЖД басшысының орынбасары Нұрлан Бекбосыновтың құттықтау сөзімен ашты. Содан кейін сөз азаматтық қорғау органдарының зейнеткері Жеңіс Мәжитовке берілді.

Шара барысында Нұрлан Бекбосынов қызмет ардагерлерін және қол жеткізген спорттық нәтижелер мен өрт-құтқару спортының дамуына өлшеусіз үлес қосқаны үшін департамент спортшыларына ТЖД бастығының Алғыс хаттарын табыс етті. Сондай-ақ, №4 көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернатының қызметкерлері, 52859 әскери бөлімінің жеке құрамы ТЖД басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды.

  Дәстүр бойынша іс-шара мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды.

 

 

Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі