
Жыл сайын 1 наурыз Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні болып аталып өтіледі.1931 жылы бірнеше елдердің бастамасымен, барлық әлемде қауіпсіздік аймақтарының локалды құралдары арқылыекі жақты және көпжақты келісімдер құру үшінмедициналық қызметтің француз генералы Жорж Сен-Поль Парижде «Женева аймақтарының қауымдастығын» - «қауіпсіздік аймақтарын» құрды. Кейіннен, қауымдастық Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымынаайналды (ХАҚҰ).
Қазіргі уақытта ХАҚҰ үкіметаралық ұйым болып табылады, оның мақсаты мемлекеттерге халықты қорғауды және оларға көмек көрсетуді, сондай-ақ табиғи және антропогендік апаттар жағдайында мүлік пен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін құрылымдар құруға жәрдемдесу болып табылады.
Қазіргі уақытта ХАҚҰ-ның мүшелері болып 60 мемлекет, 16 мемлекет бақылаушы мәртебесіне иеленген. Азаматтық қорғаныс туралы білімді насихаттау және ұлттық құтқару қызметтерінің беделін арттыру мақсатында,1990 жылы құрылған Бүкіл әлемдік азаматтық қорғаныс күні ХАҚҰ мүшелігіндегі елдерде атап өтіледі.1 наурыз күні кездейсоқ таңдалған жоқ. Дәл осы күні 18 мемлекет мақұлдаған ХАҚҰ Жарғысы күшіне енді.
1997 жылғы қазан айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің жарлығымен «Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының жарғысына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» (ХАҚҰ) Қазақстан Республикасының Заңы енгізілді.
Жыл сайын 1-30 наурыз аралығында Қарағанды облысының аумағында Халықаралық Азаматтық қорғаныс күніне арналған айлық өткізіледі.
Алдын ала бекітілген жоспар бойынша сабақтар, дәрістер, оқу жаттығулары өткізіледі, сондай-ақ құтқару бөлімшелерінде «Ашық есік күндері» өткізіледі. Сонымен қатар АҚ құрылымдарының жеке құрамымен практикалық сабақтар өткізіледі.