Ағымдағы жылдың 24 ақпаныңда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні аясында Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті онлайн оқу-әдістемелік жиындарын өткізді. Жиынға ауылдық округ әкімдері, қала, аудан әкімдіктерінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мамандары, химиялық қауіпті және санаттағы ұйымдардың, азаматтық қорғау қызметтерінің басшылары мен қызметкерлері, сонымен қатар облыстағы ірі сауда үйлерінің өкілдері қатысты.
Қарағанды облысы ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов іс-шараны аша отырып, оқу-әдістемелік жиын табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан болатын тәуекелдерді азайту, оның ішінде халықты және шаруашылық объектілерін тасқын сулардан қорғау жөніндегі іс-шараларға арналғанын атап өтті.
«Біздің мақсатымыз – сізге төтенше жағдайлардың алдын алу және жою негіздерін үйрету. Оқу-жаттығу жиынында алған дағдыларыңыз бен білімдеріңізді іс жүзінде қолданып, тұрғындар арасында қаза табудың алдын алып, экономикалық шығынды барынша азайтасыз деп сенеміз», - деді ТЖД басшысы.
Бұл жиындардың басты мақсаты азаматтық қорғаныс іс-шараларын, өрттің алдын алу шараларын ұйымдастыру және орындау, бақылаудағы аумақтарда су тасқынына қарсы жұмыстарды дайындау және жүргізу, өткір стресстік реакциялар кезінде халыққа психологиялық көмек көрсету қағидаларын оқыту болып табылады. Сонымен қатар, тыңдаушылармен бақылау субъектілеріне қатысты азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мәселелері талқыланды, өрт қауіпсіздігі қағидаларының және су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптары түсіндірілді.
Оқу-әдістемелік жиынның қорытындысы бойынша тыңдаушылар қорытынды тестілеуден өтіп, оның қорытындысы бойынша азаматтық қорғау саласында оқудан өткендігі туралы сертификаттар табыс етілді. Оқу-жаттығу жиындарына барлығы 144 адам қатысты.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментімен оқу-әдістемелік жиындар жыл сайын өткізіліп тұрады. Мұндай бірінші кездесу 2018 жылы өтті.
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі