
2023 жылғы 20-25 ақпан аралығында Астана қаласында ерлер арасында өрт-құтқару спортынан ҚР ХХХІ қысқы чемпионаты, әйелдер арасында ЖСҚ бойынша ҚР ІХ қысқы чемпионаты және ұлдар арасында ӨҚС бойынша ҚР VIII қысқы чемпионаты өтті. Чемпионатқа барлығы 21 ерлер, 12 әйелдер және 14 жасөспірімдер құрамасы қатысты. Чемпионатқа Қарағанды облысы ТЖД құрамасының спортшылары да қатысты.
100 метрлік кедергілер жолағын еңсеру бойынша спортшымыз Бауыржан Текенов чемпион атанды! Бауыржан өрт-құтқару спорты бойынша ҚР спорт шебері, сондай-ақ өрт-құтқару спорты бойынша ҚР ұлттық құрама командасының мүшесі.
Сол чемпионатта тағы бір жерлесіміз бақ сынады. Ортаңғы топтың жас жігіті, Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің спортшысы Антон Мартынов екі түр бойынша – шабуыл сатысымен көтерілу және 100-кедергілер жолағын еңсеру бойынша абсолютті чемпион атанды!
Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Сіздерге одан әрі сәттілік тілейміз!
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі