Қарағандыда Түркиядан келген құтқарушылар тобын күтіп алды

Қарағандыда Түркиядан келген құтқарушылар тобын күтіп алды

Түркия Республикасы аумағындағы жойқын жер сілкінісі аймағында апаттық-құтқару жұмыстарына қатысқан қарағандылық құтқарушылар туған жеріне аман-есен оралды. Оларды туған-туыстары, достары мен әріптестері күтіп алды.
8 ақпанда қарағандылық құтқарушылар Түркияға көмекке аттанған болатын. Қарағанды командасының құрамында 15 адам болды - бұл ТЖД құтқарушылары, оның ішінде кинологиялық есеп, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығының дәрігері мен фельдшері.
Түркияның үш өңірінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу басталғаннан бері Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының күштері 7 адамды құтқарды. Қаза тапқан 88 адамның, оның ішінде 10 баланың денесі шығарылды. Құтқарушылар қолмен, сондай-ақ инженерлік техниканы, авариялық-құтқару жабдықтарын, шанц аспаптарын тарта отырып, 250 мың текше метрден астам үйінділерді бөлшектеді.
Қарағандылық құтқарушылардан басқа Түркияда іздеу-құтқару жұмыстарына Астана, Алматы қалалары мен Ақмола облысының құтқарушылары қатысты. Қазақстандық құтқарушылардың атына Түркия тұрғындарының кәсіби, уақтылы және нәтижелі іздестіру-құтқару жұмыстары үшін шын жүректен алғыс сөздері бірнеше рет айтылды.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі