
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде ТЖД бастығы полковник Мұрат Қатпановтың төрағалығымен 2022 жылға арналған жедел іс-шаралардың қорытындысы бойынша кеңейтілген жедел кеңес өтті.
Жиынға ТЖ департаментінің бөлімшелері мен ведомстволық бағынышты мекемелерінің басшылығы қатысты.
Дағдарыс жағдайлары басқармасының бастығы Бауыржан Хабдулин, ТЖ басқармасының бастығы Нұржан Жақатаев, ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Қанат Ысқақов, Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Мейрамбек Батырқұлов, Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұрлан Жақыпбаев және Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының міндетін атқарушы Талғат Адамбусинов.
Есепті кезеңде Департаменттің бөлімшелерімен 9032 жедел іс-сапар жүргізіліп, оның барысында 2720 адам құтқарылды, 1904 адам эвакуацияланып, 478 зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
2023 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында 14 шақырымға жуық қорғаныс бөгеттері мен қорғандары тұрғызылды және нығайтылды, өзен арналарының 17 шақырым су басу қаупі бар учаскелері қалпына келтірілді, 2 шақырымға жуық су бұру арналары салынды және жөнделді, 17,2 км шақырым су бұру жүйелері тазартылды. 21-ші учаскеде су құбырының өткізу қабілеті ұлғайтылды, 20 су шаруашылығы нысаны жөнделді.
Шомылу маусымында қоғамдық шомылу орындарында және стихиялық жағажайларда 3000-нан астам патрульдеу жүргізілді, оның барысында профилактикалық әңгімелесумен 80 мыңнан астам адам, оның ішінде 17 мың бала қамтылды.
Өрттің алдын алу мақсатында тұрғындармен үгіт-профилактикалық жұмыстар үздіксіз жүргізілуде. 2022 жылы тұрғын үй секторында 91 990 үй-үйді аралау, тұрғындармен 884 жиын өткізілді.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру аясында 2676 іс-шара жүргізіліп, нәтижесінде 7535 өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы анықталды.
2022 жылы Департаментпен авариялық-құтқару техникасын сақтауға арналған 7 ангар сатып алынды және дайындалды, 8 бірлік өрт сөндіру автокөлігі, 9 жедел автомобиль, пневматикалық қайық, 800 өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімі, 10 бірлік тепловизор, 10 екі осьті борттық тіркеме, суда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған қайық, су киімдері, сүңгуір маскалары және тыныс алу аппараттары сатып алынды.
Ақпараттандыру, цифрландыру және коммуникациялар басқармасының басшысы Айдос Төлеков, баспасөз хатшысы Жанна Дәуренбекова, кадр саясаты басқармасының басшысы Үмбет Қаналин байланыс жүйелерін дамыту, тұрғындарды ақпараттандыру және тәртіптің, заңдылықтың жай-күйін баяндады.
ТЖД басшысы есептерді тыңдау және мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша алдағы кезеңде шешуді қажет ететін бірқатар міндеттерді атап өтті. Төтенше жағдайларды уақтылы және жедел жоюға тұрақты дайындықты қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі